Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Украинада COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды бау-бақшада жерлей бастаған

Украинада COVID-19 салдарынан қайтыс болғандарды бау-бақшада жерлей бастаған

Украинаның Львов облысында қайтыс болған адамдарды бау-бақшаға жерлей бастаған.

Бұл туралы Украина 24 телеарнасы хабарлады.
Оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болды. Жергілікті тұрғын, әрі бау-бақша учаскесінің иесі Ирина Ривактың айтуынша, осы жазға дейін ол өз жерінде жеміс-жидегін жинап, бәрі ойдағыдай болатын. Алайда биыл оның учаскесінде жерленген адамдар табыла бастаған.
Карантин болғандықтан, біз бау-бақшаға бармай жүргенбіз. Сөйтіп көктемде келдік... Келсек, бізді осындай тосынсый күтіп тұр, - деді ол.
Зираттар пайда бола бастаған учаскелер 1990-жылдары зағип жандарға берілген екен. 2008 жылы бау-бақша иелері кооператив құрып, жекешелендіруді бастап кетті.
Біз жекеменшік құқығын жазда алдық. Ол кезде бұл учаскеде адамдарды жерлей бастапты. Бұл біздің аумақ. Оны ауыл кеңесі 1992 жылы бізге бөліп берді, - деді кооператив төрайымы Наталья Ониськив.
Ал зират директоры Ярослав Мартынов COVID-19-ға байланысты тығырыққа тірелгенін, қайтыс болғандарды жерлейтін жер табылмағанын айтып, ақталуда.

baq.kz
09 қыркүйек 2021 ж. 285 0