Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақ апатынан 4 қадам қаза тапты

Ұшақ апатынан 4 қадам қаза тапты

L-410 жолаушылар ұшағы 12 қыркүйек күні кешке Иркутск облысындағы Казачинское ауылының маңында қону кезінде жерге соғылған. Соңғы мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болған.

Ұшақ Мәскеу уақытымен 18:15-те (жергілікті уақыт бойынша 23:15) Иркутскіден шамамен 500 км қашықтықта орналасқан Казачинское ауылынан 4 км қашықтықта құлаған. Прокуратура ұшақ Казачинский әуежайына қонған кезде екінші айналымға кіруге тырысқанын айтты. Техниканың істен шығуы мен ұшқыштың кінәсы болуы мүмкін деген нұсқалар қарастырылып жатқаны белгілі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан төрт адам – ұшқыш пен үш жолаушы қайтыс болды. Ал Ресейдің Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, 12 адам зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізілген. Бір адам ауыр халде, ал қалғанының жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Иркутск облысының билігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

egemen.kz
14 қыркүйек 2021 ж. 540 0