Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда 1 мыңға жуық адамға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

Германияда 1 мыңға жуық адамға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

Германия тұрғындарына мерзімі өтіп кеткен коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасысы салынған. Бұндай екпені 840 адам алған. 

Бұл туралы Bild хабарлады.
Аталған оқиға Баден-Вюртемберг өңірінде орналасқан Зиндельфинген, Ройтлинген және Эсслинген қалаларында болған. Алғашқы қалада мерзімі өтіп кеткен препаратты 8 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында салған. Қалған екі қалада  - 9 қыркүйектен бастап салынған.
Алдын ала берілген ақпарат бойынша препараттың қаптамасында қате таңба бұған себеп болған. Құтыдағы сақтау мерзімі санитарлық норма бойынша рұқсат етілген мерзімнен үш айға көп болған.
Бұл ретте жергілікті дәрігерлер алаңдауға себеп жоқ деп отыр. Себебі препаратты сақтау режимі бұзылмаған, ол әкелінген күнінен бастап тоңазытқышта сақталған.
Зиндельфингендегі вакцинация орталығының өкілі препараттың ұзақ сақталуы салдарынан қандай да бір жағымсыз деректердің тіркелмегеніне сендірді.

baq.kz
18 қыркүйек 2021 ж. 417 0