Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония халқының 29,1 пайызы – егде жастағы адамдар

Жапония халқының 29,1 пайызы – егде жастағы адамдар

Осы айдағы көрсеткіш бойынша егде жастағы адамдар Жапония халқының 29,1%-ын, ал 2020 жылы жұмыс күшінің 13,6%-ын құраған. Жексенбі күнгі үкімет деректері бойынша, бұл рекордтық көрсеткіш қоғамның қарқынды қартайып бара жатқанын білдіреді.
 Дүйсенбі күні Respect жариялаған Ішкі істер және коммуникация министрлігінің деректеріне сәйкес, елдегі 65 жастағы адамдар саны 36,4 миллионға жеткен, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 220 000 мың адамға көп.
Италияда да егде жастағы адамдар үлесі едәуір жоғары – 23,6%, Португалиядағы егде жастағы адамдар үлесі халықтың 23,1%-ын құрайды, деп хабарлады аталмыш ведомоство БҰҰ деректеріне сүйене отырып. Министрлік деректері бойынша, Жапонияда 65 жастан асқан 15,83 миллион ер адам және 20,57 миллион әйел бар.
Халықты және әлеуметтік қамтамасыз етуді зерттеу ұлттық институтының болжамы бойынша, 2025 жылы Жапония халқының 30,0%-ын, ал 2040 жылы 35,3%-ын егде жастағы адамдар құрамақ. Мұнда жұмыс істейтін егде жастағы адамдар саны 2004 жылдан бастап 17 жыл қатарынан көбейіп келеді. Осы жас санатындағы қызметтегі 9,06 миллион адамның 3,67 миллионын әйелдер құрайды.

(Интернет желісінен алынды) 

21 қыркүйек 2021 ж. 505 0