Ресей мен Түркияның жүк кемелері соғылды
Босфор бұғазында Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның жағалау күзеті хабарлағандай, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, тек кемелерге ғана зақым келген.
Оқиға орнына жағалау күзетінің буксирлері жіберілді.