Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тұрғындарға жалпы 30 млн-нан астам коронавирус вакцинасы егілді

Түркияда тұрғындарға жалпы 30 млн-нан астам коронавирус вакцинасы егілді

Түркия елінде коронавирус инфекциясына қарсы қолданылған вакциналардың жалпы саны 30 284 601-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия Денсаулық министрлігінің «COVID-19 вирусына қарсы вакциналау ақпараттық платформасындағы» қолжетімді мәліметтерге сәйкес, 5 маусым күнгі сағат 11:13-тегі жағдай бойынша, елде қолданылған вакцинаның жалпы саны 30 284 601-ге жетті. Вакцинаның бірінші дозасын Түркияның 17 млн 325 мың 530 тұрғыны, ал екінші дозасын – 12 млн 959 мың 71 адам алды.
Түркияның ең ірі қаласы – Ыстанбұлда вакцинаның жалпы алғанда 5 000 008 дозасы (2 931 613 - бірінші доза және 2 068 395 - екінші доза) қолданылды. Анкарада вакцинаның 2 540 057 дозасы егілген, бірінші дозаның саны - 1 440 802, екінші доза 1 099 255 адамға егілген. Измирде COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 2 071 005 дозасы салынды, соның ішінде бірінші доза алғандар саны - 1 173 809 адам және екінші доза алғандар – 897 196 адам.
06 маусым 2021 ж. 488 0