Қытайда COVID-19-ға қарсы 300 млн доза вакцина егілді

Бейінді ведомствоның дерегінше, 2021 жылдың 7 мамырындағы жағдай бойынша 31 провинция (автономиялық аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) мен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында барлығы коронавирусқа қарсы вакцинаның 308 226 000 дозасы егілді.
Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың 7 жаңа шетелден келген оқиғасы анықталды, қайтыс болғандар жоқ.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған 94,56% науқас жазылып шыққан. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші – 5,1% (коронавирустан 4 636 адам қайтыс болды).
inform.kz