Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 млн дозасы салынды

Сюй Вэньбоның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап Қытайда халықтың негізгі топтары арасында коронавирусқа қарсы вакциналау жүріп жатыр.
«Қазіргі уақытта ел ішіндегі егу пункттерінде тіркелген инъекциялардың жалпы саны 24 миллион дозадан асты», – деді ол. Сонымен бірге,
Қытай эпидемиологы жаңа COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаға кері әсерлер жиілігі тұмауға қарсы вакцинадан аспайтынын атап өтті. Жалпыұлттық ауқымда елеулі кері әсерлер туралы хабарламалар саны 2019 жылмен салыстырғанда азайған.
inform.kz