Аргентинада 3 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды

Балаларға қытайлық Sinopharm екпесі салынып жатыр. Осылайша ел билігі 3-тен асқан бүлдіршіндердің бәрін ковидтен қорғауға ниетті. Шенеуніктердің сөзінше, бұл жоспарды жүзеге асыру үшін елде вакцина қоры жеткілікті екен.