Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Осы аптада Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады

Осы аптада Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады

Нобель апталығы Швеция мен Норвегияда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нобель апталығында 2021 жылғы беделді сыйлықтың жеңімпаздары белгілі болады. 4 қазанда Стокгольмдегі Нобель комитеті медицина сыйлығының лауреаттарын жариялайды.

Сейсенбіде физикадан, сәрсенбіде - химиядан, бейсенбіде - әдебиеттен жеңімпаздар белгілі болады. Экономика бойынша Альфред Нобель сыйлығының лауреаты Швеция астанасында 11 қазанда белгілі болады. Жұма күні Норвегия астанасы Ослода бейбітшілікті насихаттағаны үшін сыйлықтың иегері анықталады.
04 қазан 2021 ж. 484 0