Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та балаларға 5 жастан бастап вакцина салу мақұлданды

АҚШ-та балаларға 5 жастан бастап вакцина салу мақұлданды

АҚШ-тың аурушаңдықты бақылау және алдын алу орталығы (CDC) 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech өндірісіндегі вакцинаны салуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

CDC директоры Рошель Валенски америкалық реттеушілер дәрілік құралдарды мұқият қарастырғаннан кейін осындай шешім қабылдапты.

Миллиондаған ата-ана балаларына екпе салуға тырысып жатыр, осының арқасында 28 миллиондай балаға COVID-19-ға қарсы вакцина алуға кеңес береміз, – делінген Валенскидің мәлімдемесінде.
Ол балаларға әдетте екпе салынатын ауруларға қарағанда COVID қауіптірек екенін қоса айтты.

АҚШ-та үндінің "дельта" штамы туғызған таяудағы толқыннан педиатрияға түскен науқастар санын күрт арттырды, бұл аурудың да балаларымызға қаупі жоғары, – дейді Валенски.
Басылым мәліметінше, орталық комиссиясының мүшелері балаларға осы препараттың екі дозасын салуға кеңес беруге бірауыздан дауыс беріп отыр. Бұл жастағы балаларға вакцинаның бір дозасы ересек адамға салынатын екпенің үштен бір бөлігімен бірдей. Дозалар үш апта интервалға бөлінеді.

Мұның алдында АҚШ-та жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech өндірісіндегі екпені салу мақұлданған болатын.

baq.kz
03 қараша 2021 ж. 1 355 0