Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексиканың солтүстігінен 14 құпия қабір табылды

Мексиканың солтүстігінен 14 құпия қабір табылды

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатынан 14 құпия қабір табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік прокуратураның мәліметінше, қабірден шіріген және өртенген денелер мен сүйек сынықтары табылған.

Жерленген мәйіттердің нақты санын анықтау мүмкін болмады.

Құпия қабірлер қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының арқасында табылған.

Айта кетейік, Сонора есірткі картельдері арасындағы үстемдік үшін күрес жүріп жатқан аймақ.

Федералды мәліметтерге сәйкес, Мексикада жылдың алғашқы тоғыз айында 25 мыңнан астам адам қаза тапқан.
25 қараша 2021 ж. 570 0