Пандемия қашан аяқталады

Уиттидің айтуынша, пандемияның бірінші кезеңінде әлеуметтік шектеулерге сүйенуге тура келді, өйткені ковидпен күресудің басқа әдістері болған жоқ. Қазір әлем пандемиямен күреске жаңа медициналық құралдарды тартып жатыр, атап айтқанда вакциналардың үдеткіш дозалары қосылуда Профессор Уитти қауіп-қатер «уақыт өте келе біртіндеп азаяды» деп санайды.
Сондай-ақ, ол «Омикрон» нұсқасын жұқтырғандар саны бірден жоғарылауы мүмкін деп есептейді. «Омикронның» басқа штаммдармен салыстырғанда жеңіл өтетіні туралы пікірлердің қаншалықты әділ екендігі де белгісіз.
inform.kz