Сирияда бір күнде 6 бала қаза тапты

ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, Сирияның солтүстік-батысындағы Атмех қаласында кеңауқымды қарулы қақтығыс болған. Келіп түскен мәліметтерге сәйкес халық тығыз орналасқан аймақтарға зақым келген.
«Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», деді ЮНИСЕФ өкілі.
Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасы зорлық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.
egemen.kz