Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы туған балалар қанша жыл өмір сүреді? ЮНИСЕФ болжамы

2021 жылы туған балалар қанша жыл өмір сүреді? ЮНИСЕФ болжамы

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры бүкіл әлемдегі 2021 жылғы бала туу көрсеткіші бойынша болжам жариялады. Сарапшылардың пікірінше, биыл туған балалар ХХІІ ғасырды қарсы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, 2021 жылы шамамен 140 миллион сәби дүниеге келеді. Олардың орташа жас ұзақтығы - 84 болады. Бұл дегеніміз - олардың көбі 2100 жылды қарсы алып, ХХІІ ғасырдың басына куә болады.

"Бүгін дүниеге келген балалар бір жыл бұрынғыдан мүлдем өзгеше әлемге түседі. Бүгін туған балалар біздің олар үшін құрап жатқан әлемді мұра етеді. 2021-ді балалар үшін әділетті, қауіпсіз және сау әлем құрыла бастаған жыл етейік", - деді ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор.
massaget.kz
03 қаңтар 2021 ж. 602 0