Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір оныншы бала семіздікке шалдыққан

Әрбір оныншы бала семіздікке шалдыққан

Мұндай мәліметтерді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылары айтты. Қазақстанда балалардың тамақтануы саласындағы жағдай алаңдаушылық туғызады, өйткені ДДҰ-ның балалар семіздігін қадағалау жөніндегі Еуропалық бастамасы (COSI) аясында жүргізілген зерттеу деректері бойынша, 2016 жылы артық салмағы бар балалар саны өсті. Қазақстанда 9 жастағы әрбір бесінші бала семіздіктен зардап шегеді.
ЮНИСЕФ пен ДДҰ-ның соңғы онжылдықтағы дәлелді зерттеулерінің деректері көрсеткендей, жүкті әйелдің тамақтануы, баланың туылғаннан бастап 5 жасқа дейінгі тамақтануы семіздік пен артық салмақтың қауіпі факторларын анықтайды. 2 жасқа дейінгі балалардың 21%-ы тамақтанғанда жемістер мен көкөністерді жемейді.
Қазақстандық балалардың жартысына жуығы тәтті калориялы сусындарды тұтынады. Мектеп жасындағы балалар, құрамында қант бар салқын шырындарды үнемі пайдаланады, олардың 49,7%-ы апта сайын тәтті сусын ішеді. Күніне үш баланың біреуі ғана жаңа піскен жемістер мен көкөністерді тұтынады.
Тамақтану әдеттерін қалыптастыруда балалар агрессивті тамақ маркетингі маңызды рөл атқарады. Қазақстандық телеарналар арқылы трансляцияланатын әрбір үшінші жарнамалық ролик көбіне бала ағзасына зиянды болып табылатын Тамақ өнімдері мен сусындарды жарнамалайды.
Қазақстандық балалардың 72,5%-ы күніне кемінде бір сағат теледидар көреді немесе зиянды тамақ өнімдерін көрсететін электрондық құрылғыларды пайдаланады.
Зерттеуге сәйкес, ДДҰ Қазақстанда жарнамаланатын өнімдер мен сусындардың тек 20%-ы ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуде балалардың ата-аналары маңызды рөл атқарады. Бұл жағдайда баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дұрыс тамақтанудың құндылығы мен маңыздылығы туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру маңызды.
Қазақстанның әйелдер күштері альянсы Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) әріптестікте балалардың тамақтануын жақсарту бойынша әлеуметтік жобаны іске асыруды бастады. Осы жоба аясында баланың дұрыс тамақтануы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жадынама, арнайы рецептуралық кітап шығарылып, сондай-ақ ақпараттық сипаттағы бірқатар іс-шаралар атқарылады.
Бүгін БҰҰ бекіткен Дүниежүзілік балалар күнінде Қазақстанның қоғам белсенділері халықаралық сарапшылармен бірлесіп, барлық жастағы балалар үшін тек қана емшек сүтімен қоректендіруден бастап, содан кейін балабақшалар мен мектептерде теңгерімді тамақтану үшін мемлекеттік тамақтану жүйесін құрудың маңыздылығын көтереді.
qazaly.kz
20 қараша 2020 ж. 635 0