92 жастағы қария өзінен 70 жас кіші қызға үйленді
Иракта 92 жастағы Мусали Мұхаммед әл-Муджамая өз немерелерімен бір күнде шаңырақ көтерді. Ол 22 жастағы қызға үйленген.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Самарра қаласының шетіндегі Губбан аулында бір әулеттің мүшелері бір күнде 3 туысының үйлену тойын өткізді. 92 жастағы қария жас қызға үйленген. Ал оның 19 және 17 жастағы немерелері жергілікті қыздармен некелесті.
Үйлену тойына жергілікті ақсақалдар мен көсемдер қатысты.
«Мен немерелеріммен бір күнде үйленгенім үшін сондай бақыттымын. Өзімді 20 жастағы жігіттей сезініп тұрмын», – дейді Мусали Мұхаммед әл-Муджамая.
Қарияның жас әйелі Муна Муклиф әл-Джубур жергілікті тұрғындардың қатарынан екен. Тойдан кейін жас жұбайлар бірге суретке түсті.
Қарияның 16 ересек баласы бар екен. Ол бұрынғы әйелі қайтыс болғаннан 3 жыл өткеннен кейін қайта үйленуді ұйғарған.
Stan.kz