Ресей көлік экспорттауға тыйым салды

Деректерге сенсек, бұл шектеу жыл соңына дейін созылады. Билік қолға алынған шара ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға ықпал ететініне сенімді. Бұдан басқа жолаушылар және жүк кемелері, яхталар, басқарусыз ұшатын аппараттар да экспортқа шығарылмайтын болды.