COVID-19: Екінші толқынды болдырмауға күш салуда

Осыған байланысты шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр. Мәселен, Испанияда 6 жастан асқан оқушының бәрі мектеп қабырғасында маска тағуға міндеттелмек. Ал Германияда қоғамдық көлікте маскасыз жүргендерге 50 еуро көлемінде айыппұл салынатын болды. Бұдан бөлек жыл соңына дейін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу жоспарланған. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзге елдерді де шектеу шараларын алмауға шақырып отыр.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, соңғы уақытта азаматтар еркінсіп, әлеуметтік қашықтыты сақтауға мән бермейтін болыпты.