Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғи апаттан зардап шеккендер көп

Табиғи апаттан зардап шеккендер көп

Әлемде бұрын-соңды болмаған табиғи апаттан Филиппинде 150-ден астам, ал Оңтүстік Африкада 400-ге жуық адам қайтыс болды.

Филиппиндегі «Меги» тро­пи­калық дауылы мен су тас­қы­нынан 167 адам қай­тыс болды. Елдегі Төтенше жағ­дайлар ұлттық агенттігінің мәлі­ме­тінше, тағы да 110 адам із-түз­сіз жо­ға­лып, 1,9 млн адам зардап шек­кен. Орталық Лей­те провин­ция­сындағы Байбай қала­сының төңірегіндегі ауылдар тау бау­ра­йындағы қар көшкіні мен су бас­қан өзендерден айтарлықтай жапа шекті. Бір ғана Пилар
ауы­лы үйлерінің 80 пайызын теңіз шайып кеткен. Сонымен қа­тар аталған Агенттік оңтүстік­тегі Да­вао, Минданао және орталық Нег­­рос Ориентал провинциясында қаза тапқандар бар екенін хабарлады. Сағатына 65 шақырым жыл­дамдықпен соққан дауыл ке­зін­де тұрғындар баспаналарын тас­тап, көз көрінген бағытқа қарай қаша жөнелген. Бірер күннен соң ауа райы тұрақталғанымен, нөсерлеп жауған жауын құтқару жұмыстарына кедергі келтірген.
«Меги» дауылы – Филип­пин­­де­гі биылғы алғашқы табиғи апа­ты. Ол желтоқсан айында «Рай» деп аталатын тай­фуннан соң төрт айдан кейін болып отыр. Атап өтсек, «Рай» апа­ты елдің оң­түстік-шы­ғыс арал­дарының көп­ші­лігін қи­ра­тып, 375 адамның өмірін жалмады, 500 мыңға жуық халық апат қасі­ретін көрді. Сарап­шылардың айтуынша, бұл Филип­пиндегі сол жылы соққан ең күшті дауыл болған.
Негізі Филиппин елі – геогра­фия­­лық орналасуына байланыс­ты климаттық апаттарға бейім ел­дердің бірі. Әдетте бұл елдің хал­қы орта есеппен жы­лына 20 дауылды күнді басы­нан өт­ке­­­реді. «Алайда табиғаттың ба­ғынбайтын тосын мінез көр­се­туіне адамның да қатысы бар» дейді ғалымдар. Адам әсе­рі­нен болған климаттың өз­ге­руі тро­пикалық дауылдардың жыл­дам­ды­ғын одан әрі күшейте түскен. Оның кесірін Филиппин 2006 жылдан бері көріп келеді, бақы­лау­шы-сарапшылар осы жылдан бастап аса қауіпті табиғи апаттар болғанын айтады.
Ал Оңтүстік Африкада су тасқынынан қайтыс болғандар саны 400-ге жуықтаған. Квазу­лу-Натал провинциясында құтқа­ру­шылар ажал құшқан дауыл құрбандарын іздестіріп жатыр. «Алдағы ауа райы туралы болжам да көңіл көншітерлік емес» дейді мамандар. Елдегі полиция мен әскерилердің қатарына еріктілер қосылған. Олар Дурбан қаласында болған ең жойқын апат сал­дарынан жоғалған адамдарды іздес­тіру шараларын кү­шейт­ті.
«41 мыңға жуық адам зардап шеккен су тасқынынан мыңдаған үй, ғимарат қирап, 395 адамның өмірі қиылды», деп хабарлады аймақтық төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің басшысы Сифо Хломука. Ал президент Кирилл Рамафоса COVID-19 пандемиясын және өлімге әкелген шілдедегі тәртіпсіздіктерді еске алып, су тасқынын «біздің елде бұрын-соңды болмаған үлкен көлемдегі апат» деп атады. «Біз ін­детті еңсеріп, қауіпсіз аймаққа шықтық деп ойлаған кезде, елі­міз, әсіресе Квазулу-Натал про­­вин­ция­сы табиғи апатқа душар бол­ды. Су тасқыны көптеген орны толмас шығындарға әкел­ді», деді ол.
Үкімет іздестіру-құтқару жұ­мыс­­тарын дер кезінде қолға алып, ресми ақпарат тарата бас­та­ды. Соңғы мәліметтер бойын­ша Квазулу-Наталда із-түзсіз жо­ғал­ғандардың саны 55-ке жеткен. Осы орайда полиция қызметі іздестіру шараларына бағыт­тал­ған кө­ліктер мен тікұшақ­тардың са­нын арттырды. Rescue South Africa еріктілер ұйымының басшысы Тревис Троуэр өкінішке қа­­рай, аман қалған адамдарды емес, қаза болғандардың мәйіт­те­рін ғана тапқанын жет­кіз­ді. Үйлері қирап, баспанасыз қал­ған мыңдаған тұрғынның қа­зір­гі жағдайы да мәз емес. Олар қаланың әр түкпірінде қи­ра­ған баспаналарды паналап, кар­­тон­дар мен көрпешелерде ұйық­­тау­ға мәжбүр. Тұрғын үй ми­нис­трі Маолоко Кубаи 13 593 үй зақым­данғанын, оның 4 мыңға жуығы толығымен қира­ғанын мә­лім­деді. Бүгінде ерік­тілер мен тұр­ғындар қала жаға­жай­ла­р­ын қат­ты дауылдан қалған қоқыс­тар­дан тазартып жатыр.
Нөсерлі жаңбыр мен дауылды есіне алған тұрғынның бірі «Бұл шынайы емес, қорқынышты көрініс болды, жағаға аспаннан төгілген заттар үйлерден шыққан болуы керек. Сыпырғыш, қалақ, басқа да тұрмыстық заттарды көрдік», дейді. «Дурбанның ең кедей тұрғындары жарылған құбырлардан су алып, мүліктерін балшық пен лай астынан қазып алып жатыр», дейді еріктілер.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қаржы министрі Энох Годонгвана Newzroom Afrika TV арнасында сөйлеген сөзінде алғаш­қы көмекке 68 млн доллар қаржы бөлінгенін жария етті.
Синоптиктер болса апат күні бірқатар ауданда 48 сағат ішін­де 450 мм-ден (18 дюйм) артық нөсер жауды деп хабарлады. Бұл – Дурбандағы жылдық жауын-шашынның жартысына жуығы. Ал Оңтүстік Африканың метеорологиялық қызметі квазу­лу­наталдықтар үшін Пасха демалыс күндерінде найзағай мен су тасқыны болу қаупі туралы ескерту жасалғанын алға тартып отыр.
Transnet мемлекеттік логис­ти­калық компаниясы су тасқыны кезінде жабылған Дурбан пор­ты­ның жұмысы жанданып, көлік қатынасы мен жүк тасымалдауды қайта бастады деп хабарлады. Дурбан порты – Оңтүстік жарты шардағы ең үлкен порттардың бірі.
 
Дайындаған
Гүлнар ЖОЛЖАН

egemen.kz




18 сәуір 2022 ж. 381 0