Ұлыбританияда судьяларға жасанды интеллектті пайдалануға рұқсат берілді
Судьялар жасанды интеллектіні сот отырысына дайын істерді іріктеу және ұқсас процестерді біріктіру үшін қолдану мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасары әрі лорд-канцлері David Lammy автоматтандыру сот жүйесі қызметкерлерінің жүктемесін айтарлықтай азайта алатынын айтты.Ұлыбританияның Әділет министрлігі сот жүйесінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бағдарлама аясында ЖИ-ассистенттер судьялар мен заңгерлерге іс материалдарымен жұмыс істеуге және күнделікті міндеттерді орындауға көмектеседі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жаңа құралдар құқықтық зерттеулер жүргізуге, құжаттарды талдауға және істерді қарауға дайындауға пайдаланылмақ. Бұл шешімдерді әзірлеу жұмыстары британдық заңгерлер мен жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
Билік өкілдері технологияны енгізу Корольдік соттың жұмыс тиімділігін арттырып, сот процестерін күту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді деп есептейді. Алғашқы кезеңде ЖИ жүйелері бақылаудағы жағдайда сынақтан өткізіліп, кейін жобаны кеңейту мәселесі қаралады.
Судьялар жасанды интеллектіні сот отырысына дайын істерді іріктеу және ұқсас процестерді біріктіру үшін қолдану мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Ұлыбритания премьер-министрінің орынбасары әрі лорд-канцлері David Lammy автоматтандыру сот жүйесі қызметкерлерінің жүктемесін айтарлықтай азайта алатынын айтты.
Әділет министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері ел соттарында қаралмаған істер саны екі есеге өсіп, 80 мыңнан асқан. Сонымен қатар үкімет заң саласында жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз сынақтан өткізу және енгізу үшін AI Growth Labs атты арнайы алаңдар құрылатынын жариялады.
baq.kzФото: baq.kz










