Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан тұрғындарының 64 пайызы атаулы көмекке мұқтаж

Өзбекстан тұрғындарының 64 пайызы атаулы көмекке мұқтаж

Өзбекстанда үй шаруашылықтарының 36 пайызы экономикалық тұрғыдан қалыптасқан дегенімен, қалған 64 пайызы атаулы көмекке мұқтаж. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш ай ішінде облыс басшылары 35,3 миллион адам тұратын 6,9 млн үй шаруашылығының жағдайын зерттеді. Нәтижесінде олар төрт санатқа бөлінді: 11% - табысы аз үй шаруашылықтары, 47% - тұрақты табысы бар, бірақ қосымша табысқа мұқтаж үй шаруашылықтары, 6% - әлеуметтік көмекті қажет ететіндер, 36% - экономикалық жағдайы жақсы, ауқатты үй шаруашылықтары.
«Жаңа жүйенің арқасында әрбір әкім, оның экономика жөніндегі бірінші орынбасары және көмекшілері халықтың 64 пайызымен жұмыс істеуі керектігін білді», - деді Шавкат Мирзиёев.
Тиісті органдар санақ қорытындысы бойынша 736 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп, бірінші және екінші санаттағы үй шаруашылықтарынан 54 мың азаматты кәсіпкерлікке оқытқаны атап өтілді. 50 мың отбасылық бизнес жобасы жүзеге асырылды. Осы мақсаттарға 1,3 трлн сум несие және 20 млрд сум көлемінде субсидия бөлінді.

inform.kz
20 сәуір 2022 ж. 493 0