Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңде коронавирустың өршуіне байланысты мектепте сабақ беру тоқтатылды

Бейжіңде коронавирустың өршуіне байланысты мектепте сабақ беру тоқтатылды

Бейсенбіден бастап Қытай астанасындағы мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Бұл шектеулер қауіпті вирустың таралуын тоқтату мақсатында енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейсенбі күні таңертең бейжіңдік Чаоян ауданындағы жекеменшік мектептерде білім алушылардың ата-аналарына оқу орындары қашықтықтан оқыту режиміне көшкені туралы шұғыл хабарлама келді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сәрсенбіден бастап мұндай шаралар қаланың басқа аудандарындағы бірқатар бастауыш және орта мектептерде енгізіле бастайды. Сондай-ақ, Тунчжоу ауданындағы балабақшалар жұмысы тоқтатылған.
27 сәуірдегі жағдай бойынша, мектеп оқушылары арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру оқиғаларының саны артып келеді. Астаналық Чаоян ауданындағы мектептердің бірінде вирусқа шалдығудың 36 оқиғасы анықталған.
ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 50 жаңа оқиғасы тіркелді.
Дүйсенбіден бастап билік Қытай астанасы аудандарындағы бірқатар тұрғындарды жаппай тестілеуден өткізуде.
28 сәуір 2022 ж. 545 0