ШҚО-да аяз 34 градусқа дейін жетті: мектептерде сабақ тоқтатылды

- Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
- Риддер (-24) – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
- Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
- Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
- Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.