Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңде COVID-19 байланысты карантин күшейтілді

Бейжіңде COVID-19 байланысты карантин күшейтілді

Қытай астанасының билігі COVID-19 жұқтырудың тағы 22 жағдайы анықталғаннан кейін, эпидемияға қарсы шараларды күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы 24 сағат ішінде Бейжіңде коронавирус жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді», - делінген Қытайдың Гигиена және денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жексенбі күні жариялаған есебінде. COVID-19-ға шалдығу деректері көбейіп отырғандықтан Бейжің билігі эпидемияға қарсы шараларды күшейтуде. Сенбіден бастап Чаоян ауданындағы сегіз шағынаудан коронавирусқа тексерілді.
«Эпидемиологиялық тексерудің алдын ала нәтижелері аурудың қазіргі толқыны шамамен бір апта бойы жасырын түрде таралып жатқанын көрсетті», - деді Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо сенбі күні брифингіде. Қала билігі мегаполис тұрғындарын аса қажеттілік болмаса Бейжің аумағынан шықпауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға,
COVID-19 жұқтыру қаупі орташа және жоғары аймақтарға барудан бас тартуға шақырады.
«Скринингілік шаралар күшейтілгендіктен, алдағы уақытта аурудың жаңа жағдайлары анықталуы мүмкін», - деп түйіндеді қытайлық эпидемиолог.
Ресми деректерге сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бері Қытайдың материктік аумағында коронавирус инфекциясының барлығы 600 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Коронавирустың жаңа толқынынан Тибет автономиялық ауданын қоспағанда, Қытайдың 31 әкімшілік-аумақтық бірлігінің 30-ы (провинциялар, автономиялық аудандар, орталыққа бағынысты қалалар) зардап шекті.
Материктік Қытайда эпидемиялық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Өткен тәулікте елде инфекцияның 21 796 жағдайы тіркелді, оның ішінде тек Шанхайда – 21 058.
25 сәуір 2022 ж. 777 0