Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Қытайда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Қытайдың Тяньцзинь қаласында COVID-19-дың «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі муниципалдық орталықтың хабарламасында айтылған, деп жазады Egemen.kz.

«Омикрон» штамын жұқтырған азамат шетелден келген. Ауру симптомсыз жалғасуда, қазіргі кезде ол оқшауланған және арнайы бөлінген ауруханада ем қабылдап жатыр. «Бұл – құрлықтық Қытайдағы омикрон штамын жұтырудың бірінші жағдайы», делінген Тяньцзинь қаласының эпидемологиялық штабының хабарламасында.

Қытай мегаполисінің билігі тұрғындарды COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын ұстануға, маска тағуға, қолды жиі жууға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Тяньцзинь – Қытайдың орталық бағынысындағы қала, 13 миллионнан астам тұрғыны бар. Ол ел астанасы Бейжіңнен 100 шақырым жерде орналасқан.
14 желтоқсан 2021 ж. 618 0