Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

Салыстырмалы түрде жаңа жағдайлардың өсу үлесі – 0,32%. Атап айтқанда, бір тәулікте Санкт-Петербургте 2 381, Мәскеу облысында 2 208, Краснояр өлкесі мен Самара облысында 781, Воронеж облысында 717 жұқтыру жағдайы тіркелген.
Қазіргі кезде 1 016 110 адам ем қабылдап жатыр. Өлім саны бір тәулікте 1 182-ге көбейіп, 283 644-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 184 болған. Штаб деректеріне сай, шартты өлім саны (нақты өлім саны эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) 2,88%-ға өскен.
Сонымен қатар Ресейде коронавирустың алғаш рет «омикрон» штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған. Барлығы аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталды, қазіргі кезде олар оқшауланған.
inform.kz