Украиналық босқындар саны 5,5 миллионнан асты

Бұл туралы Бұұ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссар басқармасы хабарлады.
Мигранттардың 3 миллионнан астамы Польшаға, Румынияға 825 мыңы, Венгрияға жарты миллионы, 656 мыңы Ресейге барған.
Украина тұрғындары 24 ақпанда Ресей әскері ел аумағына басып кіргеннен кейін жаппай шетелге қаша бастады.
baq.kz