Әйелдерге көліктің алдына отыруға тыйым салынды

– Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері кетуге мәжбүрлей алады, – дейді Ашхабад тұрғыны.
Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған.
Айта кетейік, 2018 жылы Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.
aikyn.kz