Қатты аязға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
Қарағанды облысында аязға байланысты дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД мәліметінше, үш тасжолда шектеу енгізіледі.
7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, Алматы-Екатеринбург (1070-1142 шақырымда) Теміртаудан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынады, - деді ТЖД өкілдері.
Одан бөлек, 7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап қатты аязға байланысты Қызылорда-Павлодар тасжолында (1066-1135 шақырым) Молодежны ауылынан павлодар облысының шекарасына дейін, Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау тасжолында (104-51 шақырым) Нұра ауылынан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды
baq.kz
Пікір 1