15 жыл бұрын жоғалған үш жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Егер португал прокурорлары өткен айда күдіктіге ресми айып тақпағанда іс толығымен жабылатын еді.
Бұл - 45 жастағы Германия азаматы Кристиан Брюкнер. Ол 2007 жылы бүлдіршін жоғалған жерге көршілес Алгарведе болған.
«Кез келген жағдайда, мейлі ол ұрлау немесе кісі өлтіру болсын, қылмыстың ескіру мерзімі - 15 жыл. Ал егер тергеу осыдан екі апта бұрын алға жылжымағанда, қылмыстық істі қарау мерзімі осы сәрсенбіде бітер еді. Енді оны 22 жылға, тіпті 26 жылға дейін ұзартуға болады», - деді адвокат Мануэль де Магальяэш э Силва.
Қызының жоғалып кеткеніне 15 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде Кейт пен Джерри Макканн британдық, португалиялық және неміс полициясына алғыс айтып, қылмысты ашуға жұмсаған көп жылғы талпыныс ақыры өз жемісін беретініне үміт білдірді.
Қызды табу үшін төленген сыйақы бірнеше миллион долларға жетті. Куәгерлердің айтуынша, олар оны Австралияға дейін әртүрлі жерлерде көрген.
Басты күдіктінің өзі қыздың жоғалуына еш қатысы жоқ екенін айтып отыр.