Оңтүстік Африкада коронавирус жұқтырушылар саны өсті - ДДҰ

Ұйымның мәліметінше, сәуір айының соңында Оңтүстік Африкада бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 2650 дерегі тіркелгенін хабарлады. Бірақ 1 мамырда 6500-ден астам коронавирус жұқтырушылар тіркелген. Олардың саны өсуде. Жаңа штаммдарға қарамастан, Гебреисус COVID-19 жағдайларының саны бүкіл әлемде төмендегенін және пандемия алғаш басталған кезде 2020 жылдың наурызынан бастап апта сайынғы өлім-жітім азайып бара жатқанын айтты. Сонымен қатар ДДҰ басшысы коронавирусқа тест тапсыру аса маңызды болып қала беретінін атап өтті.
inform.kz