Украиналық босқындар саны 5,7 миллионнан асты

24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға орналасқан.
Бүгінде Польшаға – 3 119 196, Румынияға – 854 292, Ресейге – 714 713, Венгрияға – 545 311, Молдоваға – 450 797, Словакияға – 388 282, Беларуське 25 852 украиналық кеткен.
Сондай-ақ БҰҰ БЖКБ 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адамның кеткенін хабарлады.
baq.kz