Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғарышқа жүк кемесін ұшырды

Қытай ғарышқа жүк кемесін ұшырды

Сейсенбіде Қытай өзінің орбиталық станциясымен түйісетін «Тяньчжоу-4» жүк кемесін ұшырды.
Бұл туралы Қытайдың басқарылатын космонавтика бағдарламасының кеңсесі (CSMA) мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес, «Тяньчжоу-4» ғарыш кемесі сейсенбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан «Чжанчжэн-7» зымыран тасығышымен орбитаға шығарылды.

«Тяньчжоу-4» ҚХР орбиталық станциясына алты айлық ғарышкерлерге арналған қорды, станцияға қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектерді және ғарыштық зерттеулер жүргізуге арналған жабдықтарды жеткізеді. Орбиталық кешен «Тяньхэ» ғарыш станциясының негізгі модулінен және «Тяньчжоу-3» жүк кемесінен тұрады. Маусым айында басқарылатын «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі ұшырылады. Ол үш тайконавты (ҚХР-да ғарышкерлерді осылай атайды) орбиталық станцияға жеткізеді, олар Қытай ғарыш станциясын іске қосу жұмыстарын жалғастырады және алты ай орбитада болады.

baq.kz
11 мамыр 2022 ж. 670 0