Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі Тынық мұхитына батырылады

«29 қараша күні ресейлік ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шығарылды. Кеменің қозғалтқыштарын тежеуішке қосқаннан кейін ғарыш кемесі атмосфераға еніп, жартылай күйіп кетеді. «Прогресс МС-12»-нің жанбаған сынықтары Тынық мұхитының кеме жүрмейтін бөлігіне батырылады, деп хабарлады «Роскосмос» баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ХҒС-да жаңа ғарыш кемесін қабылдауға дайындық жүруде. «Прогресс МС-13» ғарыш кемесі Байқоңырдан 2019 жылдың 6 желтоқсанында ұшырылады.