Байқоңырдан ғарышқа "Союз МС-13" кемесі ұшырылды

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-13" ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұша бастаған сәттен 9 минут өткенде орбитаға шықты. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавты, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавты Эндрю Морган бар.