Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады (видео)

Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады (видео)

Байқоңырдан ұшқан «Союз ФГ» зымыран тасығышы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері тірі.
Зымыран 2018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта ұшырылған. Ұшырылған уақыттан бірнеше минут өткен соң Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп кетті. Диктор зымыранның апатқа ұшырағанын хабарлады.
Интерфакс агенттігінің мәліметінше, зымыран ұшырылған соң екінші сатысының қозғалтқышы істен шыққан. Алайда ресми түрде нақтыланған жоқ.
Жер бетінен ғарышкерлердің аппаратпен парашют арқылы жерге түскені байқалды. Экипажда ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен НАСА астронавты Ник Хейг бар.
Кейінен “Союза МС-10” экипажы Қазақстанға қонып, ғарышкер мен астронавт байланысқы шықты.
Жезқазған мен Байқоңыр, Қарағанды аэродромынан экипажды іздеуге Ми-8 тікүшақтары шықты. Экипаждың Жезқазғанның шығыс бөлігіне қонғаны айтылды. Экипаж мүшелері өздерін жақсы сезінеді.


Stan.kz
11 қазан 2018 ж. 1 894 0