Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда «Протон-М» зымыраны ғарышқа ұшырылады

Байқоңырда «Протон-М» зымыраны ғарышқа ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың мамыр айының соңында зымыран ұшырылады. «Протон-М» зымыраны Ресейдің «Ямал-601» спутниктік байланысын ғарышқа алып ұшу үшін 24 сәуірде Байқоңырға жеткізілді. «Протон-М» ғарыш зымыранының құрылымдық  бөліктері бар эшелоны Мәскеуден «Тюра-Там» теміржол станциясына келді. Зымыран кеден процедураларынан өткеннен кейін ғарыш айлағы «Протон» ғарыш зымыран кешенінің техникалық кешеніне жеткізілді. Бұл жерде таяу күндері зымыранды ұшыруға даярлау бойынша жоспарлы технологиялық операциялар басталады, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметі. «Ямал-601» ғарыш аппаратын Thales Alenia Space France француз компаниясы «Газпром ғарыш жүйесінің» тапсырысымен жасаған. «Протон-М» зымыраны «Бриз-М» үдемелі блокпен және «Ямал-601» ғарыш аппаратымен Ресей Федерациясының телерадио хабар таратуды дамыту бойынша федералдық мақсатты бағдарламасы аясында ұшырылады, деп атап өтті Ресейдің ғарыш ведомствосының баспасөз қызметі. Бекітілген жоспарға сәйкес, «Протон-М» зымыран-тасығышы «Ямал-601» ғарыш аппаратымен бірге Байқоңыр айлағынан 2019 жылдың 29 мамырында ұшырылады. «Протон-М» зымыраны осы жылы алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылмақ.
https://www.inform.kz
25 сәуір 2019 ж. 1 279 0