Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда бидай қымбаттайды

Өзбекстанда бидай қымбаттайды

Өзбекстанда 1 маусымнан бастап мемлекет астықты нарықтық бағамен сатып ала бастайды. Бұл туралы астық саласын реформалау жөніндегі кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан басшысы әлемдік нарықта азық-түлік бағасының күрт өсуі аясында халықаралық биржаларда бидайдың бір тоннасының бағасы 400 доллардан сатылып жатқанын, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары екенін атап өтті. Ол астық өндірушілерге де, өңдеушілерге де пайда әкелмейтін мемлекеттік астық кәсіпорындарының ескі жұмыс жүйесін сынға алды.

«1 маусымнан бастап барлық қажетті ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін мемлекет астықты сатып алу және өткізу кезінде нарықтық бағаға көшу жүргізіледі. Мемлекет шаруалар мен кластерлердің астықты биржаға шығаруы үшін барлық жағдайды жасайды. Мемлекет қажеті үшін сатып алынған 1 тонна бидайдың бағасы былтырғы 1,55 миллионнан биылғы өнім үшін 3 миллион сумға көтеріледі», деді Шавкат Мирзиёев.
12 мамыр 2022 ж. 409 0