Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғалымдары Марста су болғанын анықтады

Қытай ғалымдары Марста су болғанын анықтады

Қытай Ғылым академиясының ғалымдары Копенгаген университетінің мамандарымен бірігіп зерттеу жүргізіп, Марста су болғанын анықтады. Нақтырақ айтсақ, судың жақында ғана жоғалып кеткенін анықтаған. Зерттеу Science Advances журналында жарияланды. 

Жалпы ғалымдардың көбі Марста су болған дегенге келіседі. Бірақ бұрында, баяғыда болған деп ойлап жүрген. Ал қытай мен дат ғалымдарының бұл зерттеуі судың баяғыда емес, кеше күнге дейін болғанын дәлелдеп отыр.

Қытай елі 2021 жылы алғаш рет Марсқа Zhurong атты ровер жіберген еді. Есекқырғанға кеткен бұл аппарат ғалымдарға сурет пен талдау жіберіп жатыр қазір. Марстан табылған мұздық пен тау жыныстарын Жердегі тастармен салыстырған ғалымдар көрші ғаламшардан келген минералдардың құрамында судың барын, бұрында гидратир минерал болғанын анықтаған.  

"Мұндай минералдардың табылғаны – Марста 3 млрд жыл бұрын су болғанының дәлелі. Яғни, Есекқырғанды түгелдей су алып жатқан", - дейді зерттеушілер.

Ғалымдардың ойынша, Марста жерасты суы да бар болуы мүмкін. Бұл минералдар соның да дәлелі. Бірақ әзірше оны дәлелдер нақты факт табылмады.

massaget.kz

16 мамыр 2022 ж. 604 0