Ғалымдар коронавирус қай жерлерде «жасырынып» қалатынын анықтады

Зерттеу қорытындысы Emerging Infecious Diseases журналында жарияланған.
Баяндама бойынша, коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар «індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап таппаған.
Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды.
Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқ киімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған.
Сонымен қатар, олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.
https://syr-media.kz/