Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар Айдың жасын анықтады

Ғалымдар Айдың жасын анықтады

1969 жылы 21 шілдеде адамзат тарихында адам алғаш рет басқа ғаламшарға яғни Айға қадам басты. 2-3 сағат Ай бетіне болған  Нил Армстронг пен Базз Олдрин Жерге 20 келідей Ай топырағын алып қайтады. Арадан жарты ғасыр өтсе де бұл топырақтар ғалымдарды таңғалдырып келеді. Мәселен, жақында Кельн университетінің Геология және Минералогия институтының ғалымдары Жер серігінің жасына байланысты жаңалық ашты. Ай біз бұрын ойлағаннан әлдеқайда "қарт" болып шықты. Ай қалай пайда болды? Ғалымдардың зерттеуінше Ай – көлемі Жер мен Марстай екі алып планетаның соқтығысуынан пайда болған. Жаңа туған Айдың бетінде магма мұхит болып аққан, уақыт өте келе суып, олар әртүрлі тау жыныстарын түзген. "Ал бұл жыныстар Айдың пайда болуын өз жадына жазып алған. Пайда болу іздерін сол тау жыныстарынан әлі де кездестіруге болады", – дейді Кельн университетінің Айды зерттеу бойынша жетекшісі Максвелл Тимемен. "Мұндай түзілулерді Жер бетінен кездестіре алмаймыз. Себебі Жер пайда болғаннан кейін де белсенді геологиялық өзгерістерді бастан кешіріп отырған. Ал Ай топырағы сол күйі сақталып қалынған. Бұл бізге басқа планеталарды зерттеуге мүмкіндік береді", – дейді ғалым.Айдың жасын қалай анықтаған? Кельн университетінің ғалымдары өз зерттеулерінде Ай элементтерін құрайтын сирек кездесетін гафний, уран және вольфрам элементтерінің балқу жылдамдығын бақылау арқылы олардың арасындағы байланысты зерттеген. Тәжірибе кезінде аталған элементтер жыныстың жасына байланысты әртүрлі мөлшерде ыдыраған. Процесс неғұрлым ұзақ болған сайын Ай жасының соншалықты үлкен екендігін білдірген. КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады? Ғалымдар өлшеулердің бұрын-соңды болмаған дәлдігінің арқасында ғаламшарымыздың серігінің қазіргі жасын анықтаған. Айдың жасы нешеде? Бұрын жүргізілген зерттеулерде: "Ай Күн жүйесі пайда болғаннан кейін шамамен 150 миллион жылдан соң пайда болды" делінген болса, жаңа мәліметтер Айдың Күн жүйесі түзілгеннен кейін 50 миллион жыл өткесін пайда болғанын дәлелдеген. Яғни Айдың қазіргі жасы – 4,51 миллиард жыл. Ғалымдардың айтуынша, Айдың жасын анықтау – Жердің қалай және қай уақытта пайда болғанын, сонымен бірге оның даму жолының басында қалай құрылғанын түсіну үшін өте маңызды.
https://massaget.kz



01 тамыз 2019 ж. 1 771 0