Жаңа гүл сортына Димаштың есімі берілді
Димаштың 28 жасқа толуына орай «Babite» латвиялық тәлімбағында «Dimash Qudaibergen» атындағы рододендрон сұрыпының 8 эксклюзивті көшеттері пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.
Әншінің латвиялық «Dimash Latvia Dears» фан-клубының бастамасымен 50 мыңға жуық адам баратын «Babite» паркінде «Қазақстан бұрышы» ашылған. Сонымен қатар, онда Димаштың әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар. Ол «Miuaniz» жапырақты сорттары деп аталады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлдері бар «Qazaqstan» жасыл сорттары да кездеседі.
«Dimash Qudaibergen» сортының эксклюзивті көшеттерінің үшеуі саябақта қалса, біреуі Димаштың өзіне сыйға тартылады, ал соңғысы Нұр-Сұлтан қаласының ботаникалық бағына беріледі.
Айта кетсек, Қазақстан мен Латвияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толды. Соған байланысты 18 маусымда аталған рододендрондар паркінің «Қазақстан бұрышында» дәстүрлі кездесу өтеді.
Салтанат Кенжебай