Оңтүстік Кореяда мамырда инфляция өсімі 5 пайыздан асуы мүмкін

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Банг Ги Сунның айтуынша, елде азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасын шұғыл тұрақтандыру қажеттігі туындап отыр.
Шенеунік атап өткендей, сарапшылардың пікірінше, тұтынушылық инфляция мамырда 5%-дан асып, өткен айлардағы өсу қарқынымен салыстырғанда (сәуірде – 4,8%, наурызда – 4,1%) жылдамдап, 2008 жылғы қыркүйекте белгіленген деңгейге жетуі мүмкін.
Халықаралық валюта қоры Оңтүстік Кореядағы инфляция 2022 жылы 4 пайызға артып, елдің орталық банкінің 2 пайыздық мақсатты көрсеткішін екі есеге арттырады деп болжайды.