Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда инфляция өсуі мүмкін

Қазақстанда инфляция өсуі мүмкін

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Қазақстанда инфляция тағы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескерсек, Қазақстанның инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жетті», деді Виталий Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысы барысында.

Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары инфляцияға ерекше әсер еткен, мұндағы баға өсімі 15,4%-ға дейін жеделдеген.

«Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық, бұл Ресейден импорттауға тыйым салу аясында бірқатар азық-түлік тауарының дефицитіне байланысты орын алды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік тауарлары бағасы 5,6%-ға өсті. Осыдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта ішіндегі өсімі наурыздың соңғы аптасында 1,3%, сәуірдің бірінші және екінші аптасында қатарынан 0,9% болып, біртіндеп тұрақтана бастады», деді В. Тутушкин.
20 сәуір 2022 ж. 2 245 0