Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

Сәрсенбі күні АҚШ сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаларды ратификациялау туралы қарарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті хаттама сенат сайтында орналастырылған. 95 сенатор Скандинавияның екі елінің НАТО-ға мүше болуын қолдады, біреуі қарсы, біреуі қалыс қалды.

Еске салсақ, Финляндия мен Швеция 18 мамырда НАТО-ға кіруге ресми өтініш білдірген.

Құжаттарды НАТО-ның барлық мемлекеттері ратификациялағаннан кейін Хельсинки мен Стокгольм ұйымға мүше болады. Мақұлдау хаттары АҚШ Мемлекеттік департаментіне сақтау үшін жіберіледі.
04 тамыз 2022 ж. 663 0