Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады

Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын эпидемияға қарсы шаралар жөніндегі кеңесте коронавирусты жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол эпидемияға қарсы науқанда жеңіске жетті. Коронавирус адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді», делінген елдің мемлекеттік БАҚ хабарламасында.

Еске сала кетсек, 12 мамырда КХДР-да коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. COVID-19 белгілері Оңтүстік Кореядан оралған адамда анықталды.

Екі жылдан астам уақыт бойы Солтүстік Корея билігі елде пандемия жоқ деген хабарлар таратқан.

Yonhap басылымында айтылғандай, тамыз айында қатаң карантиндік шаралардың арқасында коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.

Жалпы, сәуір айының соңынан шілде айының соңына дейін Солтүстік Кореяда індеттен 4 миллионнан астам адам ауырған.
11 тамыз 2022 ж. 505 0