Индонезияда жер сілкінді

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Мулабо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан.
Зілзала 49 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 6,4 баллды құраған.