Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады: 19 адам қаза тапты

Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады: 19 адам қаза тапты

Precision Air авиакомпаниясының ұшағы елдің солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қону барысында Танзаниядағы Виктория көліне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сайтына сілтеме беріп.

Бортта 43 адам болды, оның ішінде 39 жолаушы және төртеуі – экипаж мүшесі. Осы уақытқа дейін 28 адам құтқарылып, 19 адам қаза тапты.
Atr42-500 үлгісіндегі ұшақты 20 жылдық тәжірибесі бар Бурухани Рубага атты ұшқыш басқарды. 
"Ұшақты судан шығаруға тырысамыз. Дөңгелектердің су астындағы жерге тигенін тексеріп, оны көлден алып шығудың басқа жолдары қарастырылуда. Қазіргі уақытта ұшқыштар кабинасынан байланыс бар. Олар бізбен әлі де байланыста", – дейді провинция комиссары Кагер Альберт Чаламила.
Комиссардың мәлімдеуінше, құтқару жұмыстары жалғасуда, бірнеше адам құтқарылды. Барлық жолаушыны судан шыққанына толық көз жеткізу шаралары болып жатыр. Құтқарылғандар ауруханаға жеткізілді.
stan.kz
08 қараша 2022 ж. 486 0