Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей Ұлыбританияға қарсы санкцияларын кеңейтті

Ресей Ұлыбританияға қарсы санкцияларын кеңейтті

Ресей Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияға қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкцияға министрлер кабинетінің 36 жаңа мүшесі, құқық қорғау органдары мен журналистік корпус өкілдері енгізілген. Олардың тізімі әлі жарияланған жоқ.

СІМ мұндай қадамға барудың саяси себебі барын атап өтті.

11 қаңтарда британ үкіметінің өкілі Politico басылымына Ұлыбританияның Украинаға жетілдірілген Challenger II ауыр танктерінің партиясын жеткізіп беретінін айтты. Бұған дейін халықаралық коалицияның құрамында Киевке 14 Leopard 2 танкі жеткізілетінін Польша президенті Анджей Дуда мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Ресей Ұлыбритания азаматтарына қарсы соңғы рет қыркүйек айында санкция салған еді.
13 қаңтар 2023 ж. 376 0